Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

14.03.2025

Жасұлан Қыдырбаев: Допинг дауынан кейін үйден кетіп қалдым

Жасұлан Қыдырбаев: Допинг дауынан кейін үйден кетіп қалдым

Ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына берген сұхбатында 2015 жылғы допинг дауына байланысты пікірін айтты.

«Ол кезеңдер ешкімге де оңайға соққан жоқ. Жала жабылған кезде, қалай ақталарымызды білмедік. Тап сол кезде көптеген ауыр атлет ажырасып кетті. Отбасын сақтай алмағандар болды.
Өзіме келер болсам, сол оқиғадан кейін үйден кетіп қалдым. Ата-анамның бетіне қарай алмай қалдым. Шымкенте, Таразға бет алып, достарыммен қыдырып кеттім. Әрі қарай Өзбекстанға өтіп кеттім. Түрімді өзгертіп, бір көзімді жауып, мұрт салыпа ап, Латвия сияқты басқа елдің атынан сынға түсемін деп ойладым. Қалай да өзімді дәлелдеймін деп ойладым.
Осы сынақ кезінде менің әйелім Меруерт мықты болды. Үйде жалғыз ұлмын ғой, ұл орнына — ұл, қыз орнына — қыз болды. Келіндік, аналық міндеттері тағы бар. Сол кезде барлық жақтан баланс ұстап, мені қиын жағдайдан алып шыққан да сол кісі. Сегіз жыл қалай өтеді деп уайымдап ек, көзді ашып-жұмғанша өтті де кетті», — дейді Қыдырбаев.

Айта кетелік, 2015 жылы халықаралық допингке қарсы агенттік Жасұлан Қыдырбаевты 8 жылға спорттан шеттеткен болатын.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан