4 сағат бұрын
Азия ойындары және Пара Азия ойындарының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді
Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындары мен V Пара Азия ойындарының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қос құрлықтық додада қазақстандық жеңіл атлеттер мен параатлеттер 9 медаль (5 күміс, 4 қола) жеңіп алды.
Салтанатты жиынға ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин мен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы қатысты.
Руслан Есеналин спортшыларды құттықтап, олардың табысына үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты жетілдірудің маңызын жеткізді.
Іс-шара барысында жүлдегерлер мен олардың бапкерлеріне сертификаттар табысталды.
Біздің серіктес: Sport12kz