Матч орталығы
Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 15:00 Бүгін Қызылжар Қызылжар КХЛ Хоккей Сибирь Сибирь 15:30 Бүгін Барыс Барыс Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 16:00 Бүгін Қайсар Қайсар Чемпионшип Футбол Миллуолл Миллуолл 16:30 Бүгін Линкольн Линкольн Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 16:30 Бүгін Челси Челси Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 16:30 Бүгін Кардифф Кардифф Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 16:30 Бүгін Чарльтон Чарльтон Ла Лига Футбол Эспаньол Эспаньол 17:00 Бүгін Атлетико Атлетико Премьер-Лига Футбол Тобыл Тобыл 17:00 Бүгін Жеңіс Жеңіс Суперлига Футбол Генчлербирлиги Генчлербирлиги 18:00 Бүгін Галатасарай Галатасарай А сериясы Футбол Венеция Венеция 18:00 Бүгін Наполи Наполи Бундеслига Футбол Шальке Шальке 18:30 Бүгін Майнц Майнц Бундеслига Футбол Унион Унион 18:30 Бүгін Боруссия Боруссия Бундеслига Футбол Гамбург Гамбург 18:30 Бүгін Штутгарт Штутгарт Бундеслига Футбол Вердер Вердер 18:30 Бүгін Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 18:30 Бүгін Аугсбург Аугсбург Чемпионшип Футбол Вест Бромвич Вест Бромвич 19:00 Бүгін Блэкберн Блэкберн Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 19:00 Бүгін Престон Престон Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 19:00 Бүгін КПР КПР Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 19:00 Бүгін Ипсвич Ипсвич

11.02.2025

Геннадий Головкин Шерзод Хаширбаев пен Роман Ивановты құттықтады

Геннадий Головкин Шерзод Хаширбаев пен Роман Ивановты құттықтады

Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин фристайл-акробатикадан синхронды секіру бойынша Азия ойындарының тарихи алтын медалін жеңіп алған Шерзод Хаширбаев пен Роман Ивановты құттықтады.

— Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев, сіздерді Харбиндегі Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі өнерлеріңіз – ұлы жеңіс! Мықты қарсыластармен тартысты күресте сіздер табандылық, төзімділік, рух пен батылдық ең биік шыңдарға жеткізетінін дәлелдедіңіздер. Сіздердің батылдықтарыңыз бен шеберліктеріңіз бүкіл қазақ елін рухтандырады!
Қазақстан тарихында алғаш рет фристайл-акробатикадан спортшыларымыз Азия ойындарының ең биік тұғырына көтерілді – бұл спорт тарихында мәңгі қалатын маңызды сәт. Бағлан Іңкәрбекке оның еңбегі мен сіздерге деген сенімі үшін алғыс білдіремін. Сіздердің әрбірімізге сыйлаған қуаныш пен мақтаныш сезімдеріңіз үшін рақмет. Алда көптеген жетістікке жете беріңіздер,— деді Геннадий Головкин.

Еске салсақ, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов фристайл-акробатикадан ел қоржынына тарихи алтын медаль салған болатын.


Біздің серіктес: Sport12kz