Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 1:1 Аяқталды Вулверхэмптон Вулверхэмптон Премьер-лига Футбол Лидс Лидс 1:0 Аяқталды Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Малага Малага 1:2 Аяқталды Расинг Расинг А сериясы Футбол Кальяри Кальяри 1:0 Аяқталды Фрозиноне Фрозиноне А сериясы Футбол Торино Торино 1:1 Аяқталды Лечче Лечче Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 2:1 Аяқталды Эльверсберг Эльверсберг Бундеслига Футбол Майнц Майнц 1:2 Аяқталды Бавария Бавария Бундеслига Футбол Лейпциг Лейпциг 5:2 Аяқталды Аугсбург Аугсбург Бундеслига Футбол Падерборн Падерборн 2:2 Аяқталды Айнтрахт Айнтрахт Стокгольм мужчины Теннис Виктор Дурасович Виктор Дурасович 0:2 Аяқталды Александр Шевченко Александр Шевченко Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 2:1 Аяқталды Суонси Суонси Англия кубогы Футбол Йорк Йорк 4:0 Аяқталды Нортгемптон Нортгемптон Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 2:1 Аяқталды Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 5:4 Аяқталды Бернли Бернли Чемпионшип Футбол Престон Престон 1:0 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Уотфорд Уотфорд 0:0 Аяқталды Мидлсбро Мидлсбро Чемпионшип Футбол Блэкберн Блэкберн 2:1 Аяқталды Вест Хэм Вест Хэм Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 1:1 Аяқталды Ньюкасл Ньюкасл Премьер-лига Футбол Арсенал Арсенал 1:0 Аяқталды Халл Халл Чемпионшип Футбол КПР КПР 2:1 Аяқталды Линкольн Линкольн

19.12.2025

Күрес федерациясының президенті хейтерлерге жауап берді

Күрес федерациясының президенті хейтерлерге жауап берді

Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының 2025 жылдың қорытынды отырысында жаңадан келген президент Еркін Оқасов әлеуметтік желідегі хейтке жауап қайтарды, деп хабарлайды Sport12.kz

Күні кеше әлеуметтік желіде "еркін күрес мықты ма әлде грек-рим күресі мықты ма деп жүргенде қазақ күресінің азаматтары күрес федерациясының тізгінін ұстады", - дегендей жазбалар жазылған болатын.

Осы орайда күрес федерациясының презденті осылай деп жауап берді:

"Біздің өз ортамызда қазақша күрестен келген дейтін дискриминация керек емес. Тарихқа тоқталсақ, әйгілі Қажымұқанның өзі ауылдан жүріп, қазақ күресінен жолын бастады ғой. Сол күреспен әлемге шығып, атақты болды. Ол аз десеңіздер, Олипиада чемпионы, марқұм Жақсылық Үшкемпіров те бір сұхбатында ең алғаш спорт жолын ауылдағы қазақ күресі үйірмесінен бастағанын айтқан еді. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға барған сапарында әйгілі сумошы Ерсін Балтағұлмен тілдесті. Президент қай спорт түрінен бастағанын сұрады. Сонда Ерсін әуелі қазақша күрестен үйренгенін айтты. Мен қазақ күресі еркін немесе грек-рим күресінен мықты деп тұрғаным жоқ. Бәріміздің тарихымыз бір жерден басталады. Бәріміз қазақпыз. Мұнда боз кілемге шығып күреспейміз ғой. Өзіміздің тәжірибемізбен менеджмент пен жүйені дұрыс жолға қоюға тырысамыз", - деді 2 апта бұрын күрес федерациясының президенттігіне тағайындалған Еркін Оқасов.

Еркін Оқасов – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Кәсіпкер, «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Осы уақытқа дейін «Qazaq kuresi» қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды.


Біздің серіктес: Sport12kz