15.10.2026
Темірлан Түрдақын U-23 әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Темірлан Түрдақын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында белдесті, деп хабарлайды Sport12.kz.
87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің алтын жүлдесі үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан Иран өкілі Ясин Әли Йездимен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Темірлан Түрдақын әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, ирандық балуан алтын медаль жеңіп алды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының грек-рим күресінен өкілдері Айбек Айтбеков (60 келі) пен Юсуф Ашрапов (72 келі) финалда жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz