5 күн бұрын
Нұрданат Айтанов U23 әлем чемпионатының жартылай финалына шыға алмады
Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрданат Айтанов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz .
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айтанов армениялық Саргис Бегоянмен белдесіп, 4:8 есебімен есе жіберді.
Бұған дейін қазақстандық балуан украиналық Андрей Шокалюкті 7:4 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.
Айтановтың жарысты жалғастыру мүмкіндігі қарсыласының нәтижесіне байланысты. Егер Саргис Бегоян финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуінде бақ сынап, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.
Біздің серіктес: Sport12kz