Матч орталығы
Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 0:0 Бас тарту Полина Кудерметова Полина Кудерметова Алматы мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 19:30 Бүгін Фабиан Марожан Фабиан Марожан Конференциялар лигасы Футбол Қайрат Қайрат 0:2 Үзіліс Панатинаикос Панатинаикос Конференциялар лигасы Футбол Кауно Кауно 21:45 Бүгін Бранн Бранн Конференциялар лигасы Футбол Яблонец Яблонец 21:45 Бүгін Брайтон Брайтон Конференциялар лигасы Футбол Црвена Звезда Црвена Звезда 21:45 Бүгін Копенгаген Копенгаген Конференциялар лигасы Футбол Хетафе Хетафе 21:45 Бүгін Лугано Лугано Конференциялар лигасы Футбол Нордшелланд Нордшелланд 21:45 Бүгін ЦСКА София ЦСКА София Конференциялар лигасы Футбол Трабзонспор Трабзонспор 21:45 Бүгін Хартс Хартс Конференциялар лигасы Футбол Пафос Пафос 21:45 Бүгін Рига Рига Конференциялар лигасы Футбол Интер Эскальдес Интер Эскальдес 21:45 Бүгін Крайова Крайова Еуропа лигасы Футбол Ювентус Ювентус 21:45 Бүгін Ренн Ренн Еуропа лигасы Футбол Арарат Арарат 21:45 Бүгін АЗ АЗ Еуропа лигасы Футбол ОФИ ОФИ 21:45 Бүгін Байер Байер Еуропа лигасы Футбол Штурм Штурм 21:45 Бүгін Марсель Марсель Еуропа лигасы Футбол Лех Лех 21:45 Бүгін Сандерленд Сандерленд Еуропа лигасы Футбол Ференцварош Ференцварош 21:45 Бүгін Торренсе Торренсе Еуропа лигасы Футбол Динамо Динамо 21:45 Бүгін НЕК НЕК Еуропа лигасы Футбол Юнион Юнион 21:45 Бүгін Хапоэль Хапоэль Конференциялар лигасы Футбол Иберия Иберия 21:45 Бүгін Мьельбю Мьельбю

5 күн бұрын

Әлем чемпиондары Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов елге оралды

Әлем чемпиондары Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов елге оралды

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бүгін Астана қаласына грек-рим күресінен U23 жас санатындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері мен бапкерлері елге оралды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Оларды әуежайдан ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, туыстары, жанкүйерлер, жас палуандар мен БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен қарсы алды.

Елордалық спортшы Айбек Айтбеков БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында алтын жүлдені жуырда дүниеге келген інісіне арнайтынын айтты.

«Алтын медаль таққан соң әнұран шырқалғандағы сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Оны тек сезіну керек. Сәтін салып, чемпионатта бапкерлерімнің көмегімен топ жардым. Маған қолдау көрсеткен барлық адамға ерекше алғыс айтамын. Осы жеңісімді жақында дүниеге келген ініме арнағым келеді»,-деп айтты спортшы.

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин команданың тарихи нәтижесіне тоқталып өтті.

«Биыл 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында еліміздің грек-рим күресінің шеберлері айтулы нәтиже көрсетті. Бес медаль, оның ішіндегі қос алтын - бапкерлер мен спортшылардың жүйелі еңбегінің лайықты көрінісі. Барлық жанкүйерлерді құттықтаймын»,-деді Руслан Есеналин.

Еске сала кетейік, Лас-Вегас қаласында 5 отандасымыз тұғыр сатысына көтерілді. Атап айтқанда, Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов алтыннан алқа тақты. Темірлан Тұрдақын күміс жүлдегер атанса, Арсен Жұма мен Джохар Узаров үздік үштікті түйіндеді.


Біздің серіктес: Sport12kz