Матч орталығы
Алматы мужчины Теннис Стефанос Циципас Стефанос Циципас 2:0 Аяқталды Михаил Кукушкин Михаил Кукушкин КХЛ Хоккей Спартак Спартак 2:0 Аяқталды ЦСКА ЦСКА Эр-Рияд, выставочный турнир Теннис Александр Зверев Александр Зверев 21:30 21.10 Тейлор Фриц Тейлор Фриц Чемпиондар лигасы Футбол Комо Комо 4:1 Аяқталды Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед Чемпиондар лигасы Футбол Лилль Лилль 2:4 Аяқталды Галатасарай Галатасарай Еурокубок Баскетбол Скайлайнерс Скайлайнерс 94:104 Аяқталды Тенерифе Тенерифе Ла Лига Футбол Леванте Леванте 3:1 Аяқталды Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао Футзалдық әлем чемпионатының еуропалық іріктеуі Футзал Бельгия Бельгия 2:2 Аяқталды Словения Словения ФИБА Еуропа кубогы, қыздар Баскетбол Университарио Ферроль (Қ) Университарио Ферроль (Қ) 42:85 Аяқталды Мерсин (Қ) Мерсин (Қ) Король кубогы Баскетбол Альбасете Баскет Альбасете Баскет 82:105 Аяқталды Гран Канария Гран Канария Челленджер Кали Теннис Густаво Хейде Густаво Хейде 2:0 Аяқталды Хуан Пабло Варильяс Хуан Пабло Варильяс Брюссель мужчины Теннис Готье Онклин Готье Онклин 0:2 Аяқталды Ян-Леннард Штруфф Ян-Леннард Штруфф Чемпиондар лигасы Футбол Реал Мадрид Реал Мадрид 4:1 Аяқталды Лейпциг Лейпциг Чемпиондар лигасы Футбол Бавария Бавария 2:2 Аяқталды Арсенал Арсенал Чемпиондар лигасы Футбол Брюгге Брюгге 3:0 Аяқталды Ланс Ланс Чемпиондар лигасы Футбол Астон Вилла Астон Вилла 3:1 Аяқталды Викинг Викинг Чемпиондар лигасы Футбол Бетис Бетис 1:0 Аяқталды Фейеноорд Фейеноорд Чемпиондар лигасы Футбол Интер Интер 1:0 Аяқталды Шахтер Шахтер Чемпиондар лигасы Футбол Спортинг Спортинг 2:3 Аяқталды ЛАСК ЛАСК Нинбо женщины Теннис Елена Рыбакина Елена Рыбакина 16:00 Бүгін Полина Кудерметова Полина Кудерметова

7 сағат бұрын

Әлемнің 900-ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Әлемнің 900-ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Фото: Қазақстан ҰОК

24 қазан мен 1 қараша аралығында Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлемнің үздік балуандары бас қосатын дүбірлі дода елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Бұл – биыл Қазақстан қабылдайтын олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлемдік деңгейдегі ең ірі жарыстардың бірі.

Тоғыз күнге созылатын чемпионатқа әлемнің 135 елінен 900-ден астам балуан қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары, әлем біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Атап айтқанда, Астана төрінде Абдулрашид Садулаев, Кайл Снайдер, Хасан Яздани, Ахмед Тажудинов, Юи Сусаки, Хелен Марулис, Акжол Махмудов, Рыза Каяалп, Моэ Киёок, Амирхоссейн Заре және Хади Сарави сынды Олимпиада және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары және жүлдегерлері өнер көрсетеді деп жоспарланған. Ал Қазақстан құрамасының сапында әлем чемпиондары Ризабек Айтмұхан, Нұрқожа Қайпанов және Айдос Сұлтанғали бастаған отандық спортшылар ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Астана 2019 жылы да күрестен әлем чемпионатын қабылдаған болатын. Араға жеті жыл салып, әлемдік дода қайтадан елордаға оралып отыр. Бұл еліміздің ірі халықаралық жарыстарды өткізу тәжірибесін арттырып қана қоймай, отандық күрестің дамуына және жас спортшылардың осы спорт түріне қызығушылығын күшейтуге ықпал етеді.

Қазіргі уақытта чемпионатқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан күрес федерациясы және Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымы жарысты жоғары деңгейде өткізу үшін бірлесіп жұмыс атқаруда. Спортшылар мен шетелдік делегацияларды қарсы алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарыс өтетін нысанды дайындау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде.

Мұндай ауқымды жарыстар Қазақстанның спорттық жетістіктерін әлемге танытумен қатар, еліміздің туристік әлеуетін арттыруға да мүмкіндік береді. Чемпионатқа келетін шетелдік спортшылар, жаттықтырушылар мен жанкүйерлер Астананың көрікті жерлерін аралап, еліміздің мәдениетімен таныса алады. Бұл елордаға келетін туристер санын арттыруға және Қазақстанды халықаралық спорттық жарыстар өтетін маңызды орталықтардың бірі ретінде танытуға ықпал етпек.

Әлем чемпионатының ресми бойтұмары ретінде қыран бейнесіндегі «Мұзбалақ» таңдалған. Жарыстың негізгі бәсекелері Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Ал чемпионат кестесі мен билеттер туралы толық ақпарат Қазақстан күрес федерациясының ресми сайтында жарияланған.

Айта кетсек, Біріккен күрес әлемі (UWW) Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімін жариялады.


Біздің серіктес: Sport12kz