07.11.2026
Оралда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді
1-7 желтоқсан аралығында Орал қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен балуандар қатысып, 30 салмақ бойынша ел чемпионы атағын сарапқа салады.
Турнир қорытындысы бойынша 2027 жылғы Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы жасақталады.
Қазақстан күрес федерациясы жарыстың ресми афишасын жариялады. Онда Нұрқожа Қайпанов, Ризабек Айтмұқан, Жәмила Бақбергенова және Зейнеп Баянова бейнеленген. Алайда олардың турнирге қатысатыны әзірге ресми расталған жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz