07.11.2026
Әлем чемпионатының жүлдегері Бағдат Сабазға жерлестері көлік мінгізді
Астанада өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Бағдат Сабаз туған жерінде құрметке бөленді. Балуанға 2026 жылғы Toyota Camry-80 автокөлігінің кілті табысталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлемдік додада ел намысын қорғаған спортшыны аудан орталығында салтанатты түрде қарсы алды. Шара барысында аудан әкімі Марат Сағымбек әлем чемпионатының жүлдегеріне жаңа автокөлік сыйлады.
Сонымен қатар, меценат Серік Ақсубаев Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері әрі жаттықтырушы Дәурен Кегенбаевқа 2026 жылғы Changan автокөлігін табыстады.
Айта кетейік, Бағдат Сабаз Астанада өткен әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған.
Біздің серіктес: Sport12kz