Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 2:1 90+6 Кардифф Кардифф Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 1:1 Аяқталды Фулхэм Фулхэм Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 2:0 90+6 Дерби Дерби Ла Лига Футбол Алавес Алавес 2:1 68 Депортиво Депортиво Суперлига Футбол Галатасарай Галатасарай 2:1 68 Самсунспор Самсунспор Итоговый турнир мужчины Теннис Карлос Алькарас Карлос Алькарас 0:1 2-сет Бен Шелтон Бен Шелтон А сериясы Футбол Комо Комо 0:0 24 Кальяри Кальяри А сериясы Футбол Лацио Лацио 1:0 26 Лечче Лечче КХЛ Хоккей Сочи Сочи 0:1 07:18 СКА СКА Бундеслига Футбол Байер Байер 19:30 Бүгін Падерборн Падерборн Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 19:30 Бүгін Боруссия Боруссия Бундеслига Футбол Айнтрахт Айнтрахт 19:30 Бүгін Хоффенхайм Хоффенхайм Бундеслига Футбол Унион Унион 19:30 Бүгін Лейпциг Лейпциг Бундеслига Футбол Эльверсберг Эльверсберг 19:30 Бүгін Фрайбург Фрайбург Премьер-лига Футбол Астон Вилла Астон Вилла 20:00 Бүгін Сандерленд Сандерленд Премьер-лига Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 20:00 Бүгін Ипсвич Ипсвич Премьер-лига Футбол Ковентри Ковентри 20:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Премьер-лига Футбол Челси Челси 20:00 Бүгін Лидс Лидс Премьер-лига Футбол Борнмут Борнмут 20:00 Бүгін Ноттингем Форест Ноттингем Форест Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 20:00 Бүгін Уотфорд Уотфорд

57 минут бұрын

Ұлттық ұлан сарбаздары Астанадағы халықаралық күрес турнирінде өнер көрсетті

Ұлттық ұлан сарбаздары Астанадағы халықаралық күрес турнирінде өнер көрсетті

Астанада полиция қызметкерлері мен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері арасында еркін күрестен WRESTLING STARS LEAGUE халықаралық турнирі ұйымдастырылды. Жарыс 21 қарашада елордада алғаш рет өтті.

Бәсекеге 10 елдің өкілдері қатысып, бозкілемде әлем және құрлық чемпионаттарының, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бақ сынады.

Турнирдің ашылу салтанатына Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың атынан Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Аңсаған Балтабеков қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

Қазақстан атынан Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі белдесуге шықты. 74 келіге дейінгі салмақта 6636 әскери бөлімінің ефрейторы Санжар Досжанов ресейлік Қазырық Сайынды 11:0 есебімен жеңді.

Ал 86 келіге дейінгі салмақта 5510 әскери бөлімінің офицері, аға лейтенант Санат Қайыргелді қырғызстандық Элнур Акыбаевпен кездесіп, 6:8 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, WRESTLING STARS LEAGUE турнирі күштік құрылымдар өкілдерінің спорттық шеберлігін арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуына және күресті дамытуға бағытталған.



Біздің серіктес: Sport12kz