05.03.2025
Чемпиондар лигасы: «Арсенал» жаңа рекорд орнатты
Лондондық «Арсенал» 2024/2025 маусымындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында нидерландтық «ПСВ Эйндховенді» 1:7 есебімен ойсырата жеңіп, турнир тарихында гол соғу рекордын орнатты.
Opta Sport cайтының мәліметінше, «Арсенал» – УЕФА Чемпиондар лигасы тарихында плей-офф кезеңіндегі сырт алаңдағы матчта жеті гол соққан алғашқы команда.
Айта кетейік, бұл ойында Микель Артета командасы номиналды шабуылшысыз алаңға шықты. «Канонирлердің» шабуыл үштігінде 17 жастағы вингер Итан Нванери, бельгиялық әмбебап ойыншы Леандро Троссард және испандық жартылай қорғаушы Микель Мерино өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, 1/8 финалдың қарымта матчы 12 наурыз күні Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов