08.03.2025
«Қайрат» шымкенттік «Ордабасыны» талқандады
Қазақстан Премьер-лигасының 2-турында алматылық «Қайрат» өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» клубымен кездесіп, ірі жеңіске жетті.
«Қайрат» — «Ордабасы» 4:0 (3:0)
Голдар:
9' – Зария (1:0)
38' – Жоао Пауло (2:0)
45+2' – Зария (пенальтиден) (3:0)
73' – Станоев (4:0)
Қызыл қағаз: 85' – Швырев.
«Қайрат»: Заруцкий, Мата, Сорокин, Мартынович, Тапалов, Арад, Громыко, Глейзер, Зария, Сатпаев, Жоао Пауло.
«Ордабасы»: Челедняк, Астанов, Мудрак, Жақсыбаев, Жимо, Антич, Әбубәкір, Сұлтиязов, Тағыберген, Имнадзе, Мораес.
Алғашқы таймда алаң иелері үш гол соқты – Гиорги Зария дубль авторы атанып, Жоао Пауло бір рет мергендігімен көзге түсті. Екінші таймда шымкенттіктер қарқынын күшейткенімен, Юг Станоев тағы бір гол соғып, матчтың соңғы нүктесін қойды – 4:0.
Бұл жеңістен кейін «Қайрат» өз қоржынына 4 ұпай салса, «Ордабасы» 1 ұпаймен қалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов