Матч орталығы
КХЛ Хоккей Салават Юлаев Салават Юлаев 1:4 Аяқталды Ак Барс Ак Барс Стокгольм мужчины Теннис Агустин Тиранте Агустин Тиранте 2:1 Аяқталды Александр Шевченко Александр Шевченко КХЛ Хоккей Барыс Барыс 4:2 Аяқталды Адмирал Адмирал Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Өзбекстан Өзбекстан 2:3 Аяқталды Ресей Ресей УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Түркия Түркия 1:2 Аяқталды Бельгия Бельгия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 1:1 Аяқталды Кипр Кипр Испания кубогы Футбол Кальво Сотело Кальво Сотело 0:3 Аяқталды Альбасете Альбасете Испания кубогы Футбол ЦД Таранкон ЦД Таранкон 1:2 Қос. уақытта Леванте Леванте Испания кубогы Футбол Навалькарнеро Навалькарнеро 2:3 Қос. уақытта Бетис Бетис Франция кубогы Футбол Шамбери Шамбери 0:2 Аяқталды Гренобль Гренобль Альпі хоккей лигасы Хоккей Ред Булл Хоккей Юниорс Ред Булл Хоккей Юниорс 3:4 Аяқталды Бронкос Бронкос ДЕЛ Хоккей Изерлон Изерлон 6:2 Аяқталды Адлер Адлер Челленджер Лима Теннис Франко Ронкаделли Франко Ронкаделли 1:1 Бас тарту Франсиско Комесана Франсиско Комесана Еуролига Баскетбол Валенсия Валенсия 102:87 Аяқталды Бавария Бавария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 2:1 Аяқталды Латвия Латвия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Албания Албания 2:0 Аяқталды Финляндия Финляндия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Чехия Чехия 0:2 Аяқталды Испания Испания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Англия Англия 2:1 Аяқталды Хорватия Хорватия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сан-Марино Сан-Марино 0:2 Аяқталды Беларусь Беларусь УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Италия Италия 3:1 Аяқталды Франция Франция

03.07.2026

Астана күні қарсаңында SARYARQA RUN жаппай жүгіру жарысы өтеді

Астана күні қарсаңында SARYARQA RUN жаппай жүгіру жарысы өтеді

Елорда күніне және «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында 5 шілде күні SARYARQA RUN жаппай жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Іс-шараның мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, халықтың белсенділігін арттыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Қатысу тегін. Жарыс «Ырыскелді қажы» мешітінің аумағында (Ермек Серкебаев көшесі, 2) өтеді. Жарыстың басталу уақыты – сағат 08:00-де.

Қатысушылар 7,6 шақырым және 4 шақырым қашықтық бойынша бақ сынайды. Әрбір елорда тұрғыны мен қала қонағы өзіне қолайлы қарқынмен жүгіріп, жарысқа қатыса алады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жүгіру бағыты «Ырыскелді қажы» мешітінен басталып, Кенесары хан ескерткішіне дейін жалғасады. Сол жерден қатысушылар кері бұрылып, дәл осы бағытпен мәреге қайта оралады. Жарыс кезінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылмайды.

Қатысу үшін алдын ала онлайн тіркеуден өту қажет. Тіркеу 2026 жылғы 2 шілдеде сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында ашылады.

Қатысушылар саны 1800 адаммен шектелген. Белгіленген лимитке жеткеннен кейін тіркеу автоматты түрде жабылады.

Тіркелген қатысушыларға арнайы білезіктер жарыс өтетін күні – 5 шілдеде сағат 06:00-07:30 аралығында беріледі.


Біздің серіктес: Sport12kz