Матч орталығы
КХЛ Хоккей Салават Юлаев Салават Юлаев 1:4 Аяқталды Ак Барс Ак Барс Стокгольм мужчины Теннис Агустин Тиранте Агустин Тиранте 2:1 Аяқталды Александр Шевченко Александр Шевченко КХЛ Хоккей Барыс Барыс 4:2 Аяқталды Адмирал Адмирал Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Өзбекстан Өзбекстан 2:3 Аяқталды Ресей Ресей УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Түркия Түркия 1:2 Аяқталды Бельгия Бельгия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 1:1 Аяқталды Кипр Кипр Испания кубогы Футбол Кальво Сотело Кальво Сотело 0:3 Аяқталды Альбасете Альбасете Испания кубогы Футбол ЦД Таранкон ЦД Таранкон 1:2 Қос. уақытта Леванте Леванте Испания кубогы Футбол Навалькарнеро Навалькарнеро 2:3 Қос. уақытта Бетис Бетис Франция кубогы Футбол Шамбери Шамбери 0:2 Аяқталды Гренобль Гренобль Альпі хоккей лигасы Хоккей Ред Булл Хоккей Юниорс Ред Булл Хоккей Юниорс 3:4 Аяқталды Бронкос Бронкос ДЕЛ Хоккей Изерлон Изерлон 6:2 Аяқталды Адлер Адлер Челленджер Лима Теннис Франко Ронкаделли Франко Ронкаделли 1:1 Бас тарту Франсиско Комесана Франсиско Комесана Еуролига Баскетбол Валенсия Валенсия 102:87 Аяқталды Бавария Бавария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 2:1 Аяқталды Латвия Латвия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Албания Албания 2:0 Аяқталды Финляндия Финляндия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Чехия Чехия 0:2 Аяқталды Испания Испания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Англия Англия 2:1 Аяқталды Хорватия Хорватия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сан-Марино Сан-Марино 0:2 Аяқталды Беларусь Беларусь УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Италия Италия 3:1 Аяқталды Франция Франция

03.07.2026

Астанада тегін жүгіру жаттығуы өтеді

Астанада тегін жүгіру жаттығуы өтеді

9 тамызда өтетін Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіру-фестиваліне дейін барлық ниет білдірушілерге арналған тегін ашық жаттығулар жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz

Heart Center Foundation қоғамдық қоры ұйым қызметкерлерін, корпоративтік командаларды, жүгіру әуесқойларын және таңды белсенді өткізіп, маңызды әлеуметтік бастаманы қолдағысы келетін барлық азаматтарды жаттығуларға шақырады.

Жаттығулар әр сенбі күні сағат 08:00-де Ботаникалық бақ аумағында («Сый» инсталляциясының жанында) кәсіби жаттықтырушылар мен Қазақстанның танымал спортшыларының жетекшілігімен өтеді. Қатысушылар жүгіру техникасы бойынша ұсыныстар алады, бірлескен қыздыру жаттығуларын орындайды және дене дайындығының деңгейіне қарамастан өздері таңдаған қашықтыққа кезең-кезеңімен дайындалады.

Jüregımnıñ Jeñımpazy жүгіру-фестивалі жыл сайын өмірлік маңызды ағзаларды трансплантациялауды күтіп жүрген пациенттерді қолдау мақсатында өткізіледі. Өткен жылы оған 5 000-нан адам қатысса, биыл шамамен 7 000 қатысушы келеді деп күтілуде.

Қатысушыларға ерекше шабыт сыйлайтын жандардың қатарында ағза трансплантациясынан өткен адамдар да бар. Олардың көпшілігі жыл сайын жарыс жолына шығып, операциядан кейін белсенді өмірге қайта оралып, спортпен шұғылданып, жаңа мақсаттарға қол жеткізуге болатынын дәлелдеп келеді.

Алдағы жаттығулар: 4 шілде, 11 шілде, 18 шілде, 25 шілде, 1 тамыз, 8 тамыз

Өтетін орны: Ботаникалық бақ, «Сый» инсталляциясының жанында

Уақыты: әр сенбі сайын сағат 08:00-де

Қатысу: тегін


Біздің серіктес: Sport12kz