09.10.2026
Жанболат Қазиев паратаеквондодан Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық паратаеквондошы Жанболат Қазиев Парижде (Франция) өткен World Para Taekwondo Grand Prix – 2026 турнирінің қола жүлдегері атанды.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Бұл санатта Қазақстанның тағы бір өкілі Нұрлан Домбаев алтын медаль иеленген еді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық сурдоспортшылар Малайзияда өткен есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Азия-Тынық мұхиты мультиспорт чемпионатында жеті медаль иеленген.
Біздің серіктес: Sport12kz