18.10.2026
Юлия Путинцева Нинбодағы турнирдің іріктеу кезеңінен өтті
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
WTA рейтингінде 79-орында тұрған қазақстандық теннисші іріктеудің финалдық кезеңінде америкалық Алисия Паркспен (әлемдік рейтингте 64-орын) кездесті. Іріктеуде оныншы нөмірмен тіркелген Путинцева алтыншы нөмірлі қарсыласын екі сетте де 6:2 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. Осылайша, Путинцева қатарынан екі матчта жеңіске жетіп, негізгі кезеңге жолдама алды.
Еске салайық, іріктеудің алғашқы кездесуінде қазақстандық теннисші Қытай өкілі Цюй Иханды 6:1, 7:6 есебімен ұтқан еді.
Нинбодағы WTA 500 турнирінің негізгі кезеңі 19-25 қазан аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина да қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz