Матч орталығы
КХЛ Хоккей Салават Юлаев Салават Юлаев 1:4 Аяқталды Ак Барс Ак Барс Стокгольм мужчины Теннис Агустин Тиранте Агустин Тиранте 2:1 Аяқталды Александр Шевченко Александр Шевченко КХЛ Хоккей Барыс Барыс 4:2 Аяқталды Адмирал Адмирал Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Өзбекстан Өзбекстан 2:3 Аяқталды Ресей Ресей УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Түркия Түркия 1:2 Аяқталды Бельгия Бельгия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 1:1 Аяқталды Кипр Кипр Испания кубогы Футбол Кальво Сотело Кальво Сотело 0:3 Аяқталды Альбасете Альбасете Испания кубогы Футбол ЦД Таранкон ЦД Таранкон 1:2 Қос. уақытта Леванте Леванте Испания кубогы Футбол Навалькарнеро Навалькарнеро 2:3 Қос. уақытта Бетис Бетис Франция кубогы Футбол Шамбери Шамбери 0:2 Аяқталды Гренобль Гренобль Альпі хоккей лигасы Хоккей Ред Булл Хоккей Юниорс Ред Булл Хоккей Юниорс 3:4 Аяқталды Бронкос Бронкос ДЕЛ Хоккей Изерлон Изерлон 6:2 Аяқталды Адлер Адлер Челленджер Лима Теннис Франко Ронкаделли Франко Ронкаделли 1:1 Бас тарту Франсиско Комесана Франсиско Комесана Еуролига Баскетбол Валенсия Валенсия 102:87 Аяқталды Бавария Бавария УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 2:1 Аяқталды Латвия Латвия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Албания Албания 2:0 Аяқталды Финляндия Финляндия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Чехия Чехия 0:2 Аяқталды Испания Испания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Англия Англия 2:1 Аяқталды Хорватия Хорватия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Сан-Марино Сан-Марино 0:2 Аяқталды Беларусь Беларусь УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Италия Италия 3:1 Аяқталды Франция Франция

27.10.2026

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасына 18 спортшымен қатысады

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасына 18 спортшымен қатысады

Қазақстан атынан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында 11 спорт түрінен 18 спортшы өнер көрсетеді. Байрақты бәсеке 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакар қаласында өтеді.

Ұлттық құрама сапына енген спортшылар келесі спорт түрлерінен бақ сынайды:

  • Таеквондо: Любовь Юн;
  • Триатлон: Рамазан Айнегов;
  • Жеңіл атлетика: Маргарита Косинова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Максим Сажнев (диск лақтыру);
  • Спорттық гимнастика: Ева Тациева, Андрей Терман;
  • Бокс: Ақнұр Тұрсынғали, Марал Төлепберген, Бибарыс Аширбай;
  • Шосседегі велоспорт: Әнел Ташбай, Глеб Новиков;
  • Дзюдо: Фатима Супығалиева;
  • Жағажай волейболы: Оразәлі Сағыныш, Әлихан Ағабек;
  • Жүзу: Анатолий Руденко, Дарья Чеснокова;
  • Семсерлесу (сабля): Айбар Қайым;
  • Брейкинг: Айзара Жұмабекова.

Дакар қаласы жасөспірімдер Олимпиадасын алғаш рет қабылдайды. Бұл Африка құрлығында өтетін алғашқы Олимпиада ойындары. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа шамамен 2700 спортшы қатысып, спорттың 25 түрінен медальдарды сарапқа салады.



Біздің серіктес: Sport12kz