3 күн бұрын
Астанада паралимпиадалық мәнерлеп жүруден ел чемпионаты өтеді
11 қарашада Астанада паралимпиадалық мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады. Жарыс елордадағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде өтеді.
Байрақты бәсекеге Астана мен Алматы қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарынан келген спортшылар қатысады.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған шабандоздар мүмкіндіктеріне қарай бес функционалдық санатқа бөлініп, чемпиондық атақты сарапқа салады.
Жарыс бағдарламасы:
10:00 – ашылу салтанаты;
10:30–12:00 – Пара Гран-при (В тесті);
12:30–13:30 – Пара Новис (А тесті);
14:00–15:30 – мәнерлеп жүру (А және В тесттері);
16:00–16:30 – Пара Гран-при фристайл;
17:00 – марапаттау рәсімі.
Біздің серіктес: Sport12kz