Матч орталығы
Португалия кубогы Футбол Торренсе Торренсе 1:3 Аяқталды Бенфика Бенфика НХЛ Хоккей Даллас Даллас 1:0 Аяқталды Питтсбург Питтсбург НХЛ Хоккей Сент Луис Сент Луис 5:4 Пенальтиден соң Эдмонтон Эдмонтон НБА Баскетбол Нью-Йорк Нью-Йорк 113:106 Аяқталды Индиана Индиана НБА Баскетбол Голден Стэйт Голден Стэйт 88:87 Аяқталды Бостон Бостон ВХЛ Хоккей Горняк-УГМК Горняк-УГМК 18:30 Бүгін Кристалл Кристалл АФК Чемпиондар лигасы Футбол Нефтчи Нефтчи 18:45 Бүгін Аль Хиляль Аль Хиляль ВХЛ Хоккей Молот Молот 19:00 Бүгін Оңтүстік Урал Оңтүстік Урал УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Пяст Гливице Пяст Гливице 23:00 Бүгін Кайрат Алматы Кайрат Алматы А сериясы Футбол Монца Монца 00:45 Ертең Фиорентина Фиорентина Ла Лига Футбол Леванте Леванте 01:00 Ертең Эльче Эльче Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 01:00 Ертең Эвертон Эвертон Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 19:00 Ертең Вероника Эрьявец Вероника Эрьявец Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Ертең Париж Париж Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 22:45 Ертең ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Ертең Астон Вилла Астон Вилла АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:15 Ертең Аль-Садд Аль-Садд Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 00:45 25.11 Престон Престон Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 00:45 25.11 Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 00:45 25.11 Саутгемптон Саутгемптон

05.11.2025

Астана әуежайында 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаевты қарсы алды

Астана әуежайында 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаевты қарсы алды

Астана халықаралық әуежайында 5 қарашаға ауған түні жүгіруден Нью-Йорк марафонында 80-89 жас санатында чемпион атанған Салтанат Түйтебаев елге оралды, деп хабарлады Sport12.kz

Көпке үлгі, жүгіруді күнделікті әдетіне айналдырған атамызды Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов, туған-туыстары құшақ жая қарсы алды.

«Әлемде ең беделді саналатын 6 марафон бар. Олар Лондон, Бостон, Берлин, Чикаго, Нью-Йорк және Токио қалаларында өтеді. Бұл бәсекеге тек жарна төлеп қана қатыса алмайсың. Арнайы уақыт нормативін орындауға тиіссің.

Мен Амстердамдағы трассада белгілі бір уақыт көрсеткішін тіркеп, Нью-Йорк марафонына қатысуға өтініш жібергенмін. Биыл 200 мың үміткер арасынан шақырту алдым. Өз карьерамда екінші мәрте Нью-Йорк марафонында жүгіру бақыты бұйырды», – деді Салтанат Түйтебаев.

80 жастағы атамыз бұған дейін 2021 жылы да Нью-Йорк марафонына қатысып, 75-79 жас санатында күміс жүлде алған еді. Міне, араға 4 жыл салып, ол 42,2 шақырымды 4 сағат 45 минут 56 секундта жүгіріп өтті. Осы нәтиженің арқасында атамыз 80-89 жас санатында топ жарды.

«2021 жылы әлемде пандемия болғанықтан, Нью-Йорк марафонына 30 мыңдай адамға қатысуға рұқсат беріліп еді. Осы жолы 55 мың адам бір мезетте жүгірді. Олимпиада және әлем чемпиондарымен, рекордсмендермен бірге жүгіру – үлкен мәртебе. Трасса өте ауыр болса да, жол бойы 2 млн-нан астам жанкүйер қызу қолдады», – деп Салтанат Түйтебаев атамыз биылғы жарыстың ерекшелігін атап өтті.

Жалпы 2025 жылғы Нью-Йорк марафонында Қазақстан атынан 44 спортшы қатысты.

Ал New York Marathon жүгірісінде ең егде қатысушы болып Жапониядан барған Коичи Китабатаке танылды. 91 жастағы қатысушы марафон қашықтығын 7 сағат 25 минут 13 секундта еңсерген.

 


Біздің серіктес: Sport12kz