24.08.2026
Қазақстандық атлеттер Азия чемпионатында 4 алтын жеңіп алды
Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Алғашқы алтынды Ұлболсын Есіркеп найза лақтырудан иеленді. Ол 38,85 метр нәтижемен үздік шықты.
Юлия Башманова 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде топ жарды. Қазақстандық атлет 13,75 секунд көрсетіп, маусымдағы жеке нәтижесін жаңартты. Осы сайыста Антонина Чернышова 14,58 секунд нәтижемен қола медаль алды.
Ұзындыққа секіруден Алина Чистякова 6,10 метр нәтижемен чемпион атанды. Анастасия Рыпакова 6,09 метрге секіріп, күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасына төртінші алтынды Виктория Ан салды. Ол 100 метр қашықтықты 11,85 секундта жүгіріп өтіп, бірінші орын алды.
Сонымен қатар Ақбілек Құралбай 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден (10:51,59), ал Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден (14,12) қола жүлдеге ие болды.
Ташкенттегі Орталық Азия чемпионаты 25 тамызға дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Sport12kz