16.03.2025
Қазақстандық каратэ-до шебері Қытайда күміс жүлдегер атанды
Фото: Қр Спорт комитеті
Қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) каратэ-додан Қытайдың Ханчжоу қаласындағы премьер-лига бәсекесінің күміс жүлдегері атанды.
Ол ақтық сында Алжир спортшысы Силия Уикенмен тең түсіп (8-8), SENSHU арқылы (алғашқы ұпай алған спортшы) есе жіберді.
Еске сала кетейік, Мөлдір биыл қаңтарда өткен жылдың алғашқы премьер-лига турнирінде қола медаль жеңіп алған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан