07.04.2023

Қазақстандық жеңіл атлет допинг дауына ілікті

Қазақстандық жеңіл атлет допинг дауына ілікті

Нора Джеруто

Жеңіл атлетикадан Әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының мүшесі, Altay Athletics клубының жетекші желаяғы Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілінді.

Осылайша 27 жастағы желаяқ алда болатын жарыстардан уақытша шеттетіліп отыр. Мұндай шешімді жеңіл атлетикадағы жағымсыз құбылыстармен күресетін тәуелсіз орган Athletics Integrity Unit (AIU) қабылдаған.

AIU сайтында Нора Джерутоның күдікке ілінгені туралы жазба 5 сәуірде берілгені айтылған. Тағылып отырған күдіктің егжей-тегжейі туралы мәліметте: «Тыйым салынған затты/тәсілді (ABP) қолдану (2.2 бап)», - деген сипаттам берілген.

Кения тумасы Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2019 - 2022 жылдар аралығында Қазақстан атынан жарыстарға қатысу құқығын рәсімдеумен айналысты. Оған дейін өскеменде іргесі қаланған Altay Athletics клубының атынан сынға түсіп жүрді.

Былтырдан бері Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыса бастаған спортшы 3000 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіру сайысында Әлем чемпионы атанған болатын. Бұл Қазақстанның аталған спорт түрінен Әлем біріншілігінде иеленген алғашқы алтын медалі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

«Хетафе» футболшысы «Реалмен» ойындағы төрешілерге наразы

Футбол 34 минут бұрын

«Хетафе» футболшысы «Реалмен» ойындағы төрешілерге наразы

Қазақстандық Александр Шевченко әлемдік ATP рейтингінің үздік 90 тізімінен шығып қалды

Теннис 41 минут бұрын

Қазақстандық Александр Шевченко әлемдік ATP рейтингінің үздік 90 тізімінен шығып қалды

КФФ «Астана» — «Ақтөбе» матчындағы даулы сәттерге түсініктеме берді

Футбол 50 минут бұрын

КФФ «Астана» — «Ақтөбе» матчындағы даулы сәттерге түсініктеме берді

Қазақстан чемпионатының ширек финалы қалай өтті?

Бокс 2 сағат бұрын

Қазақстан чемпионатының ширек финалы қалай өтті?

«Пафос» Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы ойынға жоспарын айтты

Футбол 2 сағат бұрын

«Пафос» Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы ойынға жоспарын айтты

«Челси» капитаны мен Дастан Сатпаев тең нәтиже көрсетті

Футбол 2 сағат бұрын

«Челси» капитаны мен Дастан Сатпаев тең нәтиже көрсетті