30.10.2025
Бокстан Аяулым Оспанова техникалық нокаутпен жасөспірімдердің Азиадасында чемпион атанды
Бахрейнде өтіп жатқан үшінші жасөспірімдер Азия ойындарында бокс турнирінің финалдық жекпе-жектері жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының алтын жүлдесі үшін қазақстандық Аяулым Оспанова мен үндістандық Харнур Каур күш сынасты.
Бірінші раундта Аяулым қарсыласынан айқын басым болып, төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Келесі екі минуттық раундта қазақстандық спортшы бірнеше дәл әрі күшті соққылар жасаған соң, төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов