7 сағат бұрын
Бибарыс Әшірбай бокстан әлем чемпионатының финалына шықты
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан U19 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бибарыс Әшірбай финалға жолдама алды.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы жартылай финалда Өзбекстан өкілі Зулфикор Адхамжоновпен кездесіп, төрешілердің 4:1 есебіндегі шешімімен жеңіске жетті. Енді ол әлем чемпионатының алтын медалі үшін жұдырықтасады.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Данияр Ақбисен жартылай финалда аргентиналық Николас Пералтаға есе жіберді. Осы нәтижеден кейін қазақстандық боксшы жарыстың қола жүлдесін иеленді.
Біздің серіктес: Sport12kz