4 сағат бұрын
Қазақстанның төрт боксшысы әлем чемпионатының алтынын сарапқа салады
Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының төрт өкілі финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Финалистер саны бойынша Қазақстан Қытаймен бірге үшінші орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей құрамасы көш бастап тұр. Ресейлік он боксшы шешуші жекпе-жекке шықса, Өзбекстан атынан алты спортшы финалда өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасының намысын финалда Бибарыс Аширбай (70 келіге дейін), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Алина Құдайгенова (57 келіге дейін) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) қорғайды. Төртеуі де жартылай финалдағы жекпе-жектерінде жеңіске жетті.
U19 санатындағы әлем чемпионаты Будвада 16-27 қазан аралығында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Финалдық жекпе-жектер 27 қазанда өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz