20 сағат бұрын
Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңімпаз анықталды
Қостанай облысының намысын қорғайтын Надежда Рябец бокстан Қазақстан чемпионатының 2026 жылғы алғашқы жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Қарағанды облысының өкілі Айдана Убайдуллақызымен кездесуі керек еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Осылайша, чемпиондық атақ Надежда Рябецке бұйырса, Айдана Убайдуллақызы күміс жүлдегер атанды.
Бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері бүгін, 6 қарашада Тараз қаласында өтеді. Жалпы есепте ерлер мен әйелдер арасында 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Біздің серіктес: Sport12kz