5 сағат бұрын
Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай ел біріншілігінің финалында жеңілді
Түркістан облысының өкілі Сағындық Тоғамбай бокстан 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
90 келіге дейінгі салмақта өткен финалда ол Ақтөбе облысының боксшысы Дәулет Төлемісовпен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Дәулет Төлемісов жеңіске жетті. Жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталды.
Осылайша, Дәулет Төлемісов ел чемпионы атанса, Сағындық Тоғамбай күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, Сағындыш Тоғамбай былтыр дәл осы салмақта Қазақстан чемпионы болған. Сонымен қатар ол 2024 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы және 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Ал Дәулет Төлемісов 2025 жылы 85 келіге дейінгі салмақта ел чемпионы атанған еді. Биыл сәуірде өткен World Boxing әлем кубогының кезеңінде ол 1/8 финалда жарыс жолын аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz