5 сағат бұрын
18 жастағы Әділбек Қожахан Қазақстан чемпионатында топ жарды
Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр. 60 келіге дейінгі салмақта Әділбек Қожахан Бейбарыс Жексенді жеңіп, ел чемпионы атанды.
Ақтық сынның алғашқы раундтында Әділбек Қожахан жеңіліп жатқан еді. Алайда екінші раундта ол таразы басын теңестіріп, соңғы сәттте 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Шешуші раундта Қожахан белсенді қимылдап, төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанды. Осылайша, ол 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатының алтын медалін иеленді.
Айта кетейік, Әділбек Қожахан жартылай финалда 2025 жылғы әлем чемпионы әрі Азия чемпионы Оразбек Асылқұловты ұтып, сенсация тіркеген.
Біздің серіктес: Sport12kz