9 сағат бұрын
Таразда отандық боксқа қосқан үлесі үшін жергілікті мамандар марапатталды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы отандық боксқа сіңірген еңбегін елеп, Жамбыл облысының бірқатар мамандары мен ардагерлерін марапаттады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Қазақстан Республикасы боксының ардагері» төсбелгісіне Асқар Бекбауов, Дамир Буданбеков, Әмірхан Төлен, Арал Сариев, Алтай Бекбауов және Жұмахан Нугманов ие болды.
Ал «Қазақстан Республикасының боксын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісне Серік Салемов, Ернар Ибраимов, Мадияр Ашкеев, Бақтияр Тілегенов, Марат Мазимбаев, Әділхан Әмірханов және Асланбек Шымбергенов лайық деп танылды.
Бұл марапат отандық бокстың өркендеуіне жол ашып, оның дамуы мен ардагерлер қозғалысын қолдауға елеулі үлес қосқан тұлғалардың еңбегін бағалау мақсатында табысталды.
Сонымен қатар, өз мансабын аяқтаған Асланбек Шымбергеновке ерекше құрмет көрсетіліп, қазақтың дәстүрімен шапан жабылды.
Еске салсақ, 30 қазан - 6 қараша күндері аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 20 салмақта жеңімпаздар анықталды.
Біздің серіктес: Sport12kz