9 сағат бұрын
Қазақстан чемпионатында 9 боксшы алғаш рет чемпион атанды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Араға 12 жыл салып, 30 қазан - 6 қараша күндері аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
20 салмақта сынға түскен 337 боксшы (223 ер, 124 әйел) бір апта бойы шаршы алаңда жеңімпазды анықтады.
Нәтижесінде ерлер арасында 5 боксшы және әйелдер арасында 4 спортшы алғаш рет чемпион атанды.
Қандай жайттар тіркелді?
⁃ 65 келіде 4 жылдан кейін Қазақстан чемпионатына қатысқан Абзал Серік (Шымкент қ) қайта топ жарды.
⁃ 54 келіде 3 дүркін әлем чемпионы, осв салмақта маусым айында Қытайда өткен әлем кубогының жеңімпазы Назым Қызайбай (Алматы қ) финалда Элина Базароваға жол берді.
⁃ 80 келіде Надежда Рябец (Қостанай обл) үшінші жыл қатарынан чемпион атанды. Ол финалда U19 санатындағы әлем чемпионатының қатысушысы Айдана Убайдуллақызын жекпе-жексіз жеңіске жетті.
⁃ Ерлер арасында ең ауыр салмақта 3 жыл қатарынан финалдық жекпе-жек өтпеді.
⁃ Ерлер арасында ең жас чемпион ретінде Әділбек Қожахан (18 жас) тіркелді.
⁃ Әлем чемпионатының финалистері Виктория Графеева, Елдана Талипова мансаптарында алғаш рет Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді.
⁃ Дәулет Төлемісов 2025 жылы 85 келіде топ жарса, биыл 90 келіде алтын жүлдені еншіледі.
Біздің серіктес: Sport12kz