1 күн бұрын
Жасөспірімдер Олимпиадасында Марал Төлепберген медальға ие болды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Дакардағы (Сенегал) жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан жартылай финалдық жекпе жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
54 келіде Марал Төлепберген өзбекстандық Сабрина Чакомановаға жол берді. Есеп - 0:5. Осылайша, боксшымыз бұл жарысты қола медальмен аяқтады.
Дакардағы бәсекеге Қазақстаннан 3 боксшы қатысып жатыр. Олардың екеуі финалға өтті. Бибарыс Әшірбай және Ақнұр Тұрсынғали 12 қараша ақтық жекпе жекке шығады.
Ел құрамасында 57 келіде Ақнұр Тұрсынғали, 70 келіде Бибарыс Әшірбай финалда сынға түсетін болды.
Біздің серіктес: Sport12kz