17 сағат бұрын
Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда бразилиялық Сара Кампоспен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қарсыласына берді.
Екінші раундта нокдаунға түскен Ақнұр айқасты соңына дейін жалғастырды. Осылайша, ол Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде салды.
Біздің серіктес: Sport12kz