16 сағат бұрын
Бибарыс Әшірбай финалда жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты
Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Сенегал астанасы Дакарда өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль иеленді.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен жеңісті британдық боксшыға берді.
Осылайша, Бибарыс Әшірбай Олимпиаданы күміс жүлдемен аяқтады.
Біздің серіктес: Sport12kz