3 күн бұрын
Ангелина Лукас аргентиналық боксшымен жұдырықтасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас кезекті жекпе-жегі 21 қарашада Германияның Ландсхут қаласында өткізеді. Отандасымыз жергілікті бокс кешінде Аргентина өкілімен қолғап түйістіреді.
Лукас Instagram парақшасында алдағы айқасы туралы хабарлап, Германияда Қазақстан намысын қорғауға дайын екенін айтты.
Бокс – менің құштарлығым, мінезім және таңдаған жолым. Мен міндетті түрде дегеніме жетемін! Есімімді тарихта қалдырып, келешек жас буынды шабыттандырғым келеді, - деп жазды боксшы.
Еске салайық, Ангелина Лукас соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 13 желтоқсанында Дубайда өткізіп, Танзания өкілі Эгине Каянгены мерзімінен бұрын жеңген.
Біздің серіктес: Sport12kz