Матч орталығы
НХЛ Хоккей Тампа Тампа 3:1 Аяқталды Эдмонтон Эдмонтон НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 4:0 Аяқталды Анахайм Анахайм НХЛ Хоккей Вегас Вегас 3:4 Пенальтиден соң Даллас Даллас КХЛ Хоккей Авангард Авангард 18:30 Бүгін Барыс Барыс КХЛ Хоккей Торпедо Торпедо 21:00 Бүгін Локомотив Локомотив Про-лига Футбол Аль-Ахли Аль-Ахли 22:30 Бүгін Аль-Наср Аль-Наср Ұлттық лига Хоккей Цуг Цуг 23:45 Бүгін Серветт Серветт Бундеслига Футбол Бавария Бавария 00:30 Ертең Кельн Кельн Лига 1 Футбол Труа Труа 00:45 Ертең Гавр Гавр Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 01:00 Ертең Эспаньол Эспаньол Португалия кубогы Футбол Порту Порту 01:45 Ертең Паредес Паредес Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 17:30 Ертең Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 17:30 Ертең Кардифф Кардифф Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 17:30 Ертең Фулхэм Фулхэм Ла Лига Футбол Алавес Алавес 18:00 Ертең Депортиво Депортиво Суперлига Футбол Галатасарай Галатасарай 18:00 Ертең Самсунспор Самсунспор КХЛ Хоккей Сочи Сочи 19:00 Ертең СКА СКА А сериясы Футбол Лацио Лацио 19:00 Ертең Лечче Лечче А сериясы Футбол Комо Комо 19:00 Ертең Кальяри Кальяри Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 19:30 Ертең Боруссия Боруссия

2 күн бұрын

31 жастағы боксшы рингте алған ауыр жарақаттан кейін көз жұмды

31 жастағы боксшы рингте алған ауыр жарақаттан кейін көз жұмды

Ирландиялық боксшы Ли Ривз 31 жасында өмірден өтті. Үш ай бұрын жекпе-жек кезінде басынан ауыр жарақат алған спортшы 16 қарашада ауруханада қайтыс болды.

Қайғылы оқиға 1 тамызда Дублиндегі 3Arena аренасында өткен жекпе-жекте болған. Ривз отандасы Гэри Каллимен BUI Celtic ұйымының бірінші жартылай орта салмақтағы бос чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасқан.

Кездесудің оныншы раундында ирландиялық боксшы екі рет нокдаунға түсіп, есінен танып қалған. Оны рингтен зембілмен алып шығып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Тексеру нәтижесінде миына қан құйылғаны анықталып, дәрігерлер шұғыл ота жасаған. Кейін спортшы жасанды комаға түсірілді.

Алғашында Дублинде ем қабылдаған Ривз қазан айында отбасына жақын болу үшін Лимерик қаласындағы университеттік ауруханаға ауыстырылды. Оның денсаулығында оң өзгерістер байқалып, дәрігерлер кейбір медициналық аппараттардан ажыратып, физиотерапия курсын бастаған.

Алайда соңғы күндері ағзасында инфекция пайда болып, жағдайы қайта күрт нашарлаған. Боксшы 16 қарашада жақындарының ортасында көз жұмды.

Ли Ривз кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2018 жылы өткізген. Осы уақыт аралығында 18 жекпе-жекке шығып, 16 рет жеңіске жетті. Оның 11-ін нокаутпен аяқтаған. Сонымен қатар әуесқой бокстан Ирландияның бес дүркін чемпионы атанған.

Спорттық мансабынан бөлек, Ривз Ирландия қорғаныс күштерінің Лимерик қаласындағы 12-батальонында әскери қызмет атқарған.



Біздің серіктес: Sport12kz