1 күн бұрын
Қазақстанның төрт боксшысы әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді
World Boxing халықаралық федерациясы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде Қазақстан құрамасының төрт өкілі өз салмақтарында көш бастады.
Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) үздік деп танылды. Әйелдер арасында Наталья Богданова (70 келіге дейін) бірінші орынға жайғасты.
Қазақстан құрамасының тағы төрт өкілі рейтингтің екінші сатысында тұр. Олар – Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Аида Әбікеева (65 келіге дейін).
Ал Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) мен Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) өз салмақтарында үшінші орынға ие болды.
Бұдан бөлек, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай және Надежда Рябец төртінші сатыға орналасты. Оразбек Асылқұлов пен Виктория Графеева алтыншы, Елдана Талипова жетінші орыннан көрінді.
Сондай-ақ Ертуған Зейнуллинов, Сұлтанбек Айбарұлы және Сағындық Тоғамбай тоғызыншы орынға тұрақтаса, Бақыт Сейдиш үздік ондықты түйіндеді.
Біздің серіктес: Sport12kz