1 сағат бұрын
Қазақстандық боксшы Ресейде чемпиондық белбеу үшін айқасады
Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (15-2, 5 KO) келесі жекпе-жегінің өтетін күні мен қарсыласын білді. Бұл туралы Sport12.kz хабарлайды.
Ол 27 қарашада Ресейдің Уфа қаласында өтетін IBA Pro 22 турнирінде өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы — жеңіліп көрмеген ресейлік Вадим Мусаев (15-0, 9 KO).
Жартылай орта салмақтағы бұл кездесуде IBF Pan Pacific тұжырымы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Нұртас Әжбенов соңғы жекпе-жегін 31 қазанда Ақтөбеде өткізіп, өзбекстандық Бұрғұт Ходжибоевты (10-14, 5 KO) бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Ал Вадим Мусаев бұған дейін 11 шілдеде Мәскеуде шаршы алаңға шығып, угандалық Фарахат Манилоланы (14-4, 9 KO) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.
Біздің серіктес: Sport12kz