19 сағат бұрын
Өзбекстан әлем кубогына қатысатын боксшыларын таныстырды
Өзбекстан бокстан World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын құрамын жариялады. Ташкенттегі жарыста ел намысын 18 боксшы қорғайды.
Құрама сапына ерлер арасынан 10, әйелдер арасынан сегіз спортшы енді.
Ерлер:
- 50 кг – Шодиёржон Меликузиев
- 55 кг – Асилбек Жалилов
- 60 кг – Самандар Олимов
- 65 кг – Абдурахмон Махмуджонов
- 70 кг – Абдуллох Мадаминов
- 75 кг – Сафармурод Аллаберганов
- 80 кг – Жавохир Умматалиев
- 85 кг – Норбек Абдуллаев
- 90 кг – Акмалжон Исроилов
- +90 кг – Жахонгир Зокиров
Әйелдер:
- 48 кг – Фарзона Фозилова
- 51 кг – Феруза Казакова
- 54 кг – Нигина Уктамова
- 57 кг – Хуморабону Мамажонова
- 60 кг – Ситора Турдибекова
- 65 кг – Навбахор Хамидова
- 70 кг – Азиза Зокирова
- 80 кг – Рухшона Парпиева
Әлем кубогының финалдық кезеңі 26 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Ташкентте өтеді. Қазақстан құрамасы да жарысқа қатысады. Алайда отандық боксшылардың тізімі әлі жарияланған жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz