4 сағат бұрын
World Boxing Конгрессінде қандай мәселелер қаралды?
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
20 қараша күні Панама қаласында World Boxing Конгрессі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жүзге жуық мемлекеттің делегаты қатысқан жиында халықаралық ұйымның басшылығы, бірнеше комитеті мен бокс федерациялары өкілдерінің есебі ұсынылды. Сонымен қатар, бокс ережесіндегі өзгерістер талқыланды. Оның ішінде қазіргі уақытта жасанды интеллект мүмкіндігі белсенді түрде сынақтан өткізіліп жатқаны айтылды. Сонымен қатар биыл қарастырылған ерлер боксында қорғаныс бас киімін енгізу туралы ереже мақұлданбады.
Конгресс барысында халықаралық ұйымның бірнеше лауазымына сайлау өткізілді. Соның ішінде Қазақстан бокс федерациясының халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Рауан Игенев World Boxing Спорт және жарыстар комитетінің Төрағасы лауазымына сайланды. Аталмыш комитет жарыс ережелеріне байланысты мәселелерге, соның ішінде жарыстардың техникалық ережелері, жабдықтардың сипаттамалары, салмақ дәрежелері және басқа да техникалық аспектілеріне, сондай-ақ World Boxing жарыстары мен іс-шараларының құрылымына, ұйымдастырылуына және басқарылуына соның ішінде жарыстар күнтізбесіне, іс-шаралар форматына, әлемдік рейтингтерге, іріктеу мен біліктілік жүйелеріне, сондай-ақ жарыстарды өткізу талаптары мен өлшем шарттарына жауап береді. Осы мәселелерде Атқарушы комитетке ұсыныстар дайындап, пысықтайды.
Еске салсақ, боксшы Саят Ілиясов Қазақстан азаматтығын алды. Бұл жөнінде оның бапкері Ердос Жаңабергенов спорт журналисі Аслан Қаженовке берген сұхбатында айтты.
Біздің серіктес: Sport12kz