8 сағат бұрын
Боксшы Сәкен Бибосынов алғаш рет әке атанды
Бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың отбасында қуанышты жаңалық. Спортшы алғаш рет әке атанып, ұлды болды.
Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол жазбасында отбасымен бірге бастан өткерген ауыр кезеңдерді де бөлісті. Спортшы мен жұбайы бұған дейін үш перзентінен айырылғанын айтып, көптен күткен сәбидің дүниеге келуін ерекше қуанышпен жеткізді.
«Біз ұлды болдық. Бұл қуаныштың артында ешкім білмейтін қаншама көз жасы мен үнсіз түндер жатыр. Бұл қуанышқа жеткенше тағдырдың талай сынағынан өттік. Үш перзентімізден айырылдық. Үшеуінің де орны жүрегімізде мәңгі сақталады», – деп жазды Сәкен Бибосынов.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов жақында омыртқасын жарақаттап алып, Қазақстан чемпионатына қатысқан жоқ. Қазіргі уақытта ол әуесқой және кәсіпқой бокста қатар өнер көрсетіп жүр.
Біздің серіктес: Sport12kz