Матч орталығы
НХЛ Хоккей Даллас Даллас 1:0 Аяқталды Питтсбург Питтсбург НХЛ Хоккей Сент Луис Сент Луис 5:4 Пенальтиден соң Эдмонтон Эдмонтон НБА Баскетбол Нью-Йорк Нью-Йорк 113:106 Аяқталды Индиана Индиана НБА Баскетбол Голден Стэйт Голден Стэйт 88:87 Аяқталды Бостон Бостон ВХЛ Хоккей Горняк-УГМК Горняк-УГМК 18:30 Бүгін Кристалл Кристалл АФК Чемпиондар лигасы Футбол Нефтчи Нефтчи 18:45 Бүгін Аль Хиляль Аль Хиляль ВХЛ Хоккей Молот Молот 19:00 Бүгін Оңтүстік Урал Оңтүстік Урал УЕФА Чемпиондар Лигасы Футзал Пяст Гливице Пяст Гливице 23:00 Бүгін Кайрат Алматы Кайрат Алматы А сериясы Футбол Монца Монца 00:45 Ертең Фиорентина Фиорентина Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 01:00 Ертең Эвертон Эвертон Ла Лига Футбол Леванте Леванте 01:00 Ертең Эльче Эльче Буэнос-Айрес женщины Теннис Жибек Куламбаева Жибек Куламбаева 19:00 Ертең Вероника Эрьявец Вероника Эрьявец Еуролига Баскетбол Бешикташ Бешикташ 22:00 Ертең Париж Париж Чемпиондар лигасы Футбол Буде Глимт Буде Глимт 22:45 Ертең ЛАСК ЛАСК Чемпиондар лигасы Футбол Галатасарай Галатасарай 22:45 Ертең Астон Вилла Астон Вилла АФК Чемпиондар лигасы Футбол Аль-Наср Аль-Наср 23:15 Ертең Аль-Садд Аль-Садд Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 00:45 25.11 Престон Престон Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 00:45 25.11 Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 00:45 25.11 Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 00:45 25.11 Линкольн Линкольн

3 сағат бұрын

World Boxing ұйымының жаңа қызметкері Рауан Игенев: Париж Олимпиадасынан кейін әлем чемпионатын өткізуге ниет білдірдік

World Boxing ұйымының жаңа қызметкері Рауан Игенев: Париж Олимпиадасынан кейін әлем чемпионатын өткізуге ниет білдірдік

2027 жылы Астанада өтетін бокстан әлем чемпионатына 100-ден астам елдің спортшылары қатысады деп күтілуде. World Boxing ұйымының Спорт және жарыстар комитетінің төрағасы Рауан Игенев Sport12.kz тілшісіне берген сұхбатында дүбірлі додаға дайындық, ұйымдастыру жұмыстарының ерекшеліктері және халықаралық бокстағы жаңа міндеттері туралы айтып берді.

Рауан Еркінұлы, жақында халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент қызметіне тағайындалып, 2027 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатының ұйымдастыру штабына жетекшілік ету міндетін алдыңыз. Жаһандық додаға дайындық қашан басталды? Қазір қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

- Әлем чемпионатына дайындық әлдеқашан басталып кетті. Қазіргі уақытта халықаралық федерациямен жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Себебі, әлем чемпионатында ескеру қажет мәселелер өте көп. Жарыс өтетін арена және жаттығу аймағының сызбасы толық жасалып, брендбук ретінде ұсынылды. Қазіргі уақытта World Boxing тарапынан техникалық талаптар бойынша ұсыныстарын күтеміз. 20 қараша күні Астанадағы әлем чемпионаты жайында негізгі ақпарат барлық федерацияларға жолданып, халықаралық федерация қатысушыларды тіркеуді ашық деп жариялады. Ал жекпе-жектердің өзі 12-25 сәуір аралығына жоспарланған.

Көрермен көбіне жарыстың дайын нәтижесін ғана көріп, ұйымдастырылуына баға береді. Ал әлем чемпионатын өткізу үшін қанша уақыт қажет? Дайындықтың ең көп уақыт пен күш талап ететін бөлігі қандай?

- 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін, біз бірден әлем чемпионатын өткізуге ниет білдірдік. Содан бері кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылып жатыр. Қараша айының басында ұйымдастыру штабы құрылды. Біраз мәселелер шешімін тауып үлгерді. Енді бастапқы жоспарымыз бойынша жүйелі жұмысты жалғастырамыз. Ең күрделісі - шығармашылық жұмыс деп ойлаймын. Ескеретін жәйт өте көп. Өйткені біз үшін Қазақстанда әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізу өте маңызды. Дегенмен, ең қиыны - ол сөзсіз жекпе жектер. Қазақстан спортшыларының лайықты дайындық жүргізіп, Астана шаршы алаңына бабында шығуы - ең басты шарт.

Жақында Мемлекет басшысы 2027 жылы Қазақстанда бес әлем чемпионаты өтетінін айтты. Ірі жарыстарды өткізу орны ретінде «Барыс Арена» жиі таңдалады. Мұның себебі неде? Елімізде әлем чемпионатын қабылдауға лайық, халықаралық талаптарға сай спорт нысандары жеткілікті ме?

- 2025 жылы сыйымдылығы 5 мың адамды құрайтын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе жек сарайында Әлем кубогін ұйымдастырдық. Жартылай финал, финал күндері халық аренаға сыймай, бұл бізге әлдеқайда үлкен нысан керек екенін көрсетті. Ол кезде 31 елден 400-ге жуық боксшы қатысса, келер жылы дүниежүзілік додаға жүзден аса ел келеді деп күтілуде. Сондықтан сыйымдылық және басқа да стандарттар бойынша «Барыс Арена» лайықты нысан. 12-ге мыңға жуық көрерменді сыйдыра алады. Халықаралық федерацияның өкілдері де осы уақытқа дейін келіп, жарыс өтетін жерді аралап, оң бағасын берді.

2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатына 68 елден 540 боксшы қатысты. Астанадағы додаға қанша мемлекеттен қанша спортшы келеді деп күтілуде? Қатысушылар санын арттыру бағытында қандай жұмыс жүргізіліп жатыр?

- Бұл жұмыс біздің тараптан жүргізілмейді, біздің міндетіміз - лайықты деңгейде ұйымдастыру. Кешегі Панамадағы Конгрессте World Boxing құрамына жаңадан 47 мемлекет қосылып, жалпы сан 170-ке жетті. Демек әлем чемпионатына қатысушы ел саны да артады. Себебі барлық ел Олимпиада жолдамасын алғысы келеді. Ал лицензиялық жарыстардың ең біріншісі - Астанадағы біріншілік. Елордада Лос-Анджелес Олимпиадасының 44 жолдамас сарапқа салынады. Қатысушылар бойынша халықаралық федерация тарапынан толыққанды жұмыс жасалып жатыр.

Әлем чемпионатына дайындық барысында қазірдің өзінде қандай қиындықтар туындап отыр? Оларды қалай шешіп жатырсыздар?

- Елімізде спортқа деген көзқарас жақсы, федерация басшылығы, Астана қаласы әкімдігі, Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиадалық комитеті барлығы жан-жақты қолдау білдіріп жатыр. Сондықтан қазіргі уақытта айтарлықтай қиындықтар жоқ. Жоғарыда айтып өткенімдей - ең маңыздысы спортшыларымыздың дайындығына толыққанды жағдай жасау. Ал, ұйымдастыру мәселелері білікті мамандардан құралған үлкен командамен жүйелі түрде жүзеге асып жатыр. Аренада қауіпсіздік болуы аса маңызды. Осы талаппен әлем чемпионатына көптеген мамандар жұмылдырылады: дәрігерлер, еріктілер, күзет және тағы басқалары. Әлемнің шет-шетінен келген қонақтардың және өз халқымыздың алдында чемпионатты абыроймен атқарып шығуымыз қажет.

Сіздердің 2025 жылы Астанада Әлем кубогының кезеңін ұйымдастыру тәжірибелеріңіз бар. Сол жарыстан қандай сабақ алдыңыздар? Әлем чемпионатын ұйымдастырудың одан басты айырмашылығы қандай болады? Қатысушылар мен көрермендер үшін қандай жаңашылдықтар жоспарланып отыр?

- Әр жарыстан тәжірибеміз толыса түсетіні сөзсіз. Бұндай ауқымды іс-шаралардан кейін біздің команданың біліктілігі де артып, шет елдердің алдында Қазақстанның имиджі де өсіп келеді. Әлем кубогінде олқылықтар болса, соны ескеріп, жөндейміз. Келген қонақтарға ұлттық құндылықтарымыз бен мәдениетімізді жан-жақты таныстыру да жоспарда бар.

20 қарашада Панамада World Boxing ұйымының конгресі өтті. Сіздің ұйымда жаңа лауазымға тағайындалғаныңызды естідік. Бұл қызметке сайлауға түсуіңіздегі басты мақсатыңыз қандай? Конгресте Қазақстан боксы үшін маңызды қандай мәселелер қаралды?

- Панамада өткен World Boxing Конгрессінде сайлауға түсіп, Спорт және жарыстар комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындалдым. Бұл лауазымда әлемдік боксты дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі, жарыстарды өткізуді жетілдіру, боксты әлем бойынша тартымды спорт түрі ретінде әлеуетін күшейту. Жаттықтырушылар, спортшылар және төрешілер мәселелері де қарастырылады. Боксты бренд ретінде күшейтуге де барымызды саламыз.


Біздің серіктес: Sport12kz