6 сағат бұрын
Өзбекстандағы әлем кубогына Қазақстаннан 11 боксшы қатысады
Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымының 2026 жылғы әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын ерлер және әйелдер құрамаларын жариялады. Жарыс 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан атынан турнирге 11 боксшы қатысады. Оның алтауы – ерлер, бесеуі – әйелдер.
Қазақстан ерлер құрамасы:
- 50 келі – Даниял Сабит;
- 70 келі – Фарух Тоқтасынов;
- 75 келі – Аман Қонысбеков;
- 80 келі – Диас Молжігітов;
- 85 келі – Сұлтанбек Айбарұлы;
- 90 келі – Дәулет Төлемісов.
Қазақстан әйелдер құрамасы:
- 57 келі – Карина Ибрагимова;
- 70 келі – Бақыт Сейдіш;
- 75 келі – Шұғыла Налибай;
- 80 келі – Валерия Аксенова;
- +80 келі – Дина Исламбекова.
Әлем кубогының финалдық кезеңіне 31 елден 142 спортшы қатысады. Жарыстың ерекшелігі – боксшылар іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша World Boxing халықаралық ұйымының шақыруымен турнирге жолдама алады.
Алғашқы жекпе-жектер 28 қарашада басталады. Ал алтын медаль иегерлері 3 желтоқсанда анықталады. Жалпы жарыста ерлер мен әйелдер арасында он салмақ дәрежесінен, барлығы 20 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Жарыс Ташкенттегі Martial Arts Arena спорт кешенінде өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz