2 күн бұрын
Қазақстандық боксшы Таиландта титулдық жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Теміржан Баймолда (10-1, 6 KO) келесі жекпе-жегінің өтетін күнін білді, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Джентльмен» лақап атымен танылған боксшы 3 желтоқсанда Таиланд астанасы Бангкокте шаршы алаңға оралады. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Сакда Лангкабам (13-9, 8 KO) болады. Жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы WBC Asian Silver чемпионы атағы сарапқа салынады.
Теміржан үшін бұл өткен жылдың қыркүйегінен бергі алғашқы жекпе-жек болмақ. Сол кезде ол Ресейдің Уфа қаласында Данис Габдрафиковке (6-0, 2 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберіп, мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған еді.
Ал Сакда Лангкабам соңғы жекпе-жегін 25 қазанда өткізіп, отандасы Варитпон Срихабандитті (1-6, 1 KO) мерзімінен бұрын жеңген.
Біздің серіктес: Sport12kz