43 минут бұрын
Қазақстандық екі боксшы Уфада титулдық жекпе-жек өткізеді
Бүгін, 27 қарашада, Ресейдің Уфа қаласында IBA.PRO 22 бокс кеші өтеді. Турнир аясында қазақстандық боксшылар Әбілхан Құсайынов пен Нұртас Әжбенов шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бокс кешінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 18:40-та басталады.
Алғашқы жекпе-жекте Әбілхан Құсайынов (13-2, 10 KO) ресейлік Михаил Григорянмен (10-0, 2 KO) кездеседі. Он раундқа жоспарланған айқаста жеңіл салмақтағы IBF International нұсқасы бойынша бос тұрған чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Ал Нұртас Әжбенов (15-2, 5 KO) кештің үшінші жекпе-жегінде ресейлік Вадим Мусаевқа (15-0, 9 KO) қарсы жұдырықтасады. Бұл кездесуде жартылай орта салмақтағы IBF Asia Oceania нұсқасы бойынша бос тұрған чемпиондық атақтың иесі анықталады.
Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Артур Субханкулов (12-0, 6 KO) пен кубалық Энди Крус (7-1, 4 KO) жеңіл салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін қолғап түйістіреді.
Біздің серіктес: Sport12kz