21 сағат бұрын
Қазақстандық боксшылардың Әлем кубогындағы қарсыластары белгілі болды
Ташкентте World Boxing ұйымының 2026 жылғы Әлем кубогы финалдық кезеңінің жеребесі тартылды. Нәтижесінде қазақстандық боксшылардың алғашқы жекпе-жектегі қарсыластары анықталды.
Ерлер құрамасының қарсыластары
50 келіге дейінгі салмақта Даниял Сәбит ширек финалда Өзбекстан өкілі Шодиёржон Меликузиевпен кездеседі. 70 келіде Фарух Тоқтасынов Қырғызстан боксшысы Ихтияр Нишоновпен, ал 75 келіде Аман Қонысбеков ресейлік Сергей Сергеевпен жұдырықтасады.
80 келіде Өнер Сейілханның қарсыласы – Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбеков. Ал 85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы жартылай финалда Идар Занилов (Ресей) пен Норбек Абдуллаев (Өзбекстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
90 келіде Дәулет Төлемісов жартылай финалда Үндістан өкілі, Азия чемпионатының қола жүлдегері Харш Чоудхаримен өза мықтыны анықтайды.
Әйелдер құрамасының қарсыластары
57 келіде Карина Ибрагимова ширек финалда Қытай Тайбэйі өкілі Шинь И Умен кездеседі. 70 келіде Бақыт Сейдіш Қытай боксшысы Янь Лимен, ал 75 келіде Шұғыла Нәлібай ресейлік Елена Гапешинамен күш сынасады.
80 келіде Валерия Аксенова Үндістан өкілі Найнамен кездессе, 80 келіден жоғары салмақта Дина Исламбекова жартылай финалда үндістандық Альфия Патханға қарсы шығады.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының Әлем кубогы финалдық кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Ташкентте өтеді. Турнирге 31 елден 142 боксшы қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz