9 сағат бұрын
Абылайхан Құсайынов Ресейде өткен титулдық жекпе-жекте жеңіліп қалды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайынов Уфада (Ресей) өткен IBA.PRO 22 турнирінде жергілікті боксшы Михаил Григорянға есе жіберді.
Жеңіл салмақтағы боксшылар арасындағы кездесу 10 раундқа жоспарланған. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан ресейлік спортшыға берді. Осылайша Григорян кәсіпқой мансабындағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBF International белбеуін иеленді.
Ал Құсайынов бұл жеңілістен кейін кәсіпқой рингтегі үшінші сәтсіздігіне ұшырады. Қазақстандық боксшының еншісінде 13 жеңіс бар, оның 10-ын нокаутпен аяқтаған.
Айта кетейік, Абылайхан Құсайынов соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы 28 желтоқсанда өткізіп, Қытай өкілі Ян Юнцяннан төрешілер шешімімен жеңілген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz