3 сағат бұрын
Қазақстандық боксшы Ташкенттегі турнирде жүлдесіз қалды
Қазақстан құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогы финалдық кезеңіндегі жарыс жолын бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Даниял Сабит алаң иесі, IBA нұсқасы бойынша 2024 жылғы Азия чемпионы Шодиёржон Меликузиевпен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша өзбек боксшысы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Меликузиев жартылай финалға жолдама алса, Даниял Сабит турнирді жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының Әлем кубогы финалдық кезеңі бүгін басталып, 3 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазақстан бұл жарысқа ерлер және әйелдер құрамаларымен қатысып жатыр. Жалпы турнирде 30 ұлттық федерациядан 132 спортшы бақ сынайды.
Біздің серіктес: Sport12kz