22 минут бұрын
Қазақстан Әлем кубогының финалдық кезеңінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогы финалдық кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз Тайвань өкілі У Ши Имен кездесіп, төрешілер шешімімен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Карина Ибрагимова жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Карина Ибрагимова — әлем чемпионаттарының жүлдегері, 2022 жылғы Азия ойындарының жүлдегері және 2024 жылғы Азия чемпионы. Ал оның қарсыласы У Ши И 2024 жылғы Олимпиада мен 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған.
Бұл — Ташкенттегі Әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасының алғашқы жеңісі. Бұған дейін бүгін ерлер арасында 50 келіде өнер көрсеткен Даниял Сабит ширек финалда жеңіліп қалған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz