12 сағат бұрын
Өнер Сейілхан әлем кубогының жартылай финалына шықты
Қазақстандық боксшы Өнер Сейілхан Ташкентте өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда Қырғызстан боксшысы Алмаз Орозбековтен басым түсті.
Осы жеңісінің арқасында Өнер Сейілхан кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова да (57 келіге дейін) жарыстың жартылай финалына шыққан еді.
Біздің серіктес: Sport12kz